Спорт • 29 Тамыз, 2023

Шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатының жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен әлемдік додада Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының 21 спортшысы алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.

Шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жас-жеткіншектер арасында алтын медаль иегерлері: Маманияз Жасурбек, Алдан Нұрсұлтан, Мелдебек Болат, Абсаттар Нұрисла, Оралбай Ұлжан. Жасөспірімдер арасында алтын жүлде жеңіп алғандар: Бекхан Нұрислам, Сәрсенбай Жармахан, Ибрагим Әділет, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Полат Ермахан, Роман Данияр, Тазабек Зейнеп, Абдулла Аружан, Оразхан Ырысты.

Жастар арасында алтын жүлде жеңісінің тұғырынан көрінгендер: Зәрубек Санжар, Қожантай Бекжан, Қадір Нұрхан, Самат Мұқасан, Ақтай Бекқуат, Мәлікайдар Лаззат.

Осылайша шардаралық 21 спортшы ел байрағын 21 рет желбіретті.

Аталмыш әлемдік дода тамыз айының 29-31 күндері аралығында ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтсе, ересектер арасында қыркүйек айының 1-2 күндері аралығында өтеді.