Аймақтар • 30 Тамыз, 2023

Ауыл мектебіне – арнайы автобус

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылының қарсаңында Сол­түстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептеріне заманауи үлгідегі 29 ав­то­бус берілді.

Ауыл мектебіне – арнайы автобус

«Мемлекет мектеп оқушыларының сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап келеді. Мектепке тоңбай баруы мен қайтуын да назарда ұстайды. Тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік те маңызды. Жаңа автобустар оқушылар үшін жылы, ыңғайлы әрі қауіпсіз», деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Автобустар кондиционер және қауіп­сіздік белдіктерімен жабдықталған. Көлікте ерекше қажеттілігі бар балалардың мұқтаж­дықтары да ескеріліп, пандус пен жүргізушіні шақыру түймесі орнатылған.

Енді облыс бойынша ауыл оқушыларын барлығы 143 автобус тасымалдайды. Автопаркті жаңарту жұмысы жалғасын табады.

Облыста білім саласына қомақты қаржы құйылып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында 4 жаңа мектеп салынады. «Береке» шағын ауданында арнайы мектеп-интернаттың құрылысы басталды.

Сонымен қатар биыл 49 білім нысанында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 млрд теңге бағытталды. Оқу орындарын тәулік бойы мамандандырылған күзетпен қамтама­сыз етуге де қаражат бөлінді.

Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушы­лары мен балабақшаларда әлеуметтік тұрғында аз қамтылған отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сонымен қатар «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында 2 балабақшаның құрылысы басталады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы