Дін істері комитетінің қолдауымен 2023 жылдың 24-25 тамызында Алматы облысында дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығы» КММ, «Ақниет» ҚҚ мамандары, психологтары мен теологтары, жергілікті АТТ мүшелері қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – медиация маманы Бекбауов Нурбек Серикович, психология маманы Шакимова Лола Сергеевна, театр педагогы, көркемсөз оқу шебері, жоғары категориялы кәсіби диктор Абзелбаев Мұрат Назтайұлы және заң ғылымдары профессоры, «ҚР экстремизм мен терроризмді зерттеу орталығы» ҚҚ жетекшісі Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы семинар оқыды.
Бекбауов Нурбек Серикович «Деструктивті ағым өкілімен сұқбат құру тәсілі. Қалыпты ортаға қайтарудың тиімді әдістері» тақырыбымен қатысушыларға басқа ағымның жетегінде кеткен адамдармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, «Тәңіршілдік: Хоббиден Лоббиге дейін» тақырыбы аясында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.
Шакимова Лола Сергеевна «Применение основ профайлинга для выявления группы риска в молодежной среде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.
Абзелбаев Мұрат Назтайұлы «Сөйлеу техникасы және сөз әрекетінің элементтері» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Одан бөлек, «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі» тақырыбы аясында ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу, аудиторияның тұтқиылдан қойған сұрақтарына тапқыр жауап беруге байланысты тренинг өткізді.
Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Противодействие терроризму и религиозному экстремизму в условиях глобализма» тақырыбында жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, келесі кезекте, «Основные вопросы реализации законодательства в сфере религии» тақырыбында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін қатысушыларға түсіндірді.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.