Қазіргі кезде тағам қауіпсіздігін күшейту әрі балаларға құнарлы тамақ беруді мақсат еткен Алматы әкімдігі Қазақ тағамтану академиясы және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп «Оқушылардың денсаулығын басқару» мектеп тағамдарының жаңа моделінің қанатқақты жобасын әзірлеп жатыр.
Сондай-ақ қала басшылығы балалардың қауіпсіздігін де назарда ұстап отыр. Осы орайда 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада осы жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесін іске қоспақшы. Бұл бағыттағы жұмыстар жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп көліктерінің жұмысын үйлестіру де аса маңызды. Биылғы оқу жылында «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру үшін 100 автобус сатып алынып, оған жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге қарастырылған. Балаларды тасымалдау қызметіне 1,4 млрд теңге бөлініп отыр. Жоба аясында 7,7 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. Келесі жылы тағы да 11 мектеп 50 автобуспен қамтамасыз етілетін болады.
АЛМАТЫ