Мәселе • 01 Қыркүйек, 2023

18 мың бала балабақша кезегінде тұр

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласын дамытудың 2025 жыл­ға дейінгі бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жыл­ға дейінгі орта мерзімді перспекти­ва­ларды орындау шеңберінде Білім бас­қар­ма­сы­ның қалалық білім берудегі жаңа тех­но­логиялардың ғылыми-әдістемелік ор­талығы жанынан мектепке дейінгі ре­сурстық орталық құрылған болатын. Орталық мамандары балабақша тәр­биешілерін әдістемелік тұрғыдан сүйе­мелдей отырып, бүгінгі таңда бала тәр­биесіне қатысты туындаған көкейкесті мәселелерге орай кеңес беретін болады.

18 мың бала балабақша кезегінде тұр

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бүгінде қаладағы 919 мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында 79 600 бала білім алып жатыр. Олардың 194-і мемлекеттік болса, 725-і жекеменшік балабақшалар санатында.

Алматы қалалық білім басқар­масының дерегіне сүйенсек, ша­һарда балабақша кезегіндегі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 18 118-ге тең. Осы мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, 6 255 орындық 80-ге жуық балабақша ашу жоспарланып отыр. Оның 75-і жекеменшік балабақша болса, қабылданатын балалар саны 5 395-ті құрайды. Ал 4 мем­­лекеттік балабақшаға 860 ба­ланы ор­наластыру көзделген. Бүгін­де қала бойынша 2 630 орынға арналған 47 балабақша ашыл­­ған, оның 1-і 300 орынға арнал­ған мемлекеттік, ал 46-сы жеке­меншік балабақша тізіміне кіреді.

Сонымен қатар биыл жеке­меншік балабақшаларға жер­гілікті бюджет есебінен мем­лекеттік тапсырыс бойынша 5 мың орынға қаржы бөлінген. Жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 801 бала қамтылса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес 635 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда 40 995 баланы қамтып отыр.

Осы шаралардың нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 93,5 пайызды құрап, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу көзделген. Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда ха­­лықтың әлеуметтік осал топ­тарының отбасыларынан шық­қан 5 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз еті­летін болады. Қаладағы орын тап­шылығын шешу үшін әкімдік ірі құрылыс компанияларымен әлеуметтік әріптестікті дамытып, келер жылға қарай 2100 балаға арналған 11 балабақша ашу жоспарланған.

 

АЛМАТЫ