Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023

Тариф саясатына өзгеріс керек - Мемлекет басшысы

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елдегі тариф саясатына да түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тариф саясатына өзгеріс керек - Мемлекет басшысы

«Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады», деді Президент.

Сонымен қатар ол монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет екенін айтты. Аталған салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтар тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады.