Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

Жібек жолындағы жаңа мектеп

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордаға іргелес орналасқан Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында жаңа мектеп-лицейі ашылды.

Жібек жолындағы жаңа мектеп

Жаңа мектеп бұл ауылға керек-ақ еді. Себебі, Астанаға жақын орналасқан аталмыш елдімекенде халық саны жыл сайын көбейіп келеді. Ауылдағы екі мектеп жеткіліксіз болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында 300 орынға арналған білім ордасының табалдырығын 435 оқушы аттап отыр. Мектеп енді екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. Келесі жылы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында ауылда тағы да 1200 орындық мектептің құрылысы басталады деп жоспарлануда. 

Жаңа мектепте 20 оқу кабинеті, акт, спорт залдары, физика және химия пәндеріне арналған арнайы кабинеттер, лингофонды, компьютерлік сыныптар, оқу залы қамтылған кітапханасы бар. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін екі қабатты нысанның құрылысына мемлекеттен 1,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Білім ошағы директорының міндетін атқарушы Гүлнәр Әубәкірова мектептің ашылу салтанатында жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына жасалған қолдауға алғысын білдірді. Лицейде 50-ден астам мұғалім еңбек етпек.