Пікір • 01 Қыркүйек, 2023

Үнемдесек – ұтамыз

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жолдауда экономикалық-әлеуметтік мәселеге көп көңіл бөлінді. Соның ішінде «Байтақ» жасылдар партиясының ұстанымына сай келетін бірнеше тұсы бар. Алғашқысы – су тапшылығы.

Үнемдесек – ұтамыз

«Халқымыз «Судың да сұ­рауы бар» деп бекер айтпаған. Су – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қа­таң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су ша­руашылығы жүйесін тиім­ді дамыту мәселесімен дербес ме­кеме айналысуы қажет деп санаймын», деді Президент.

Су мәселесі, ауыз су, оны үнемдеп пайдаланудың өзектілігі артқанын кейінгі кез­де көріп отырмыз. Ендеше бұл ­басты мәселе екені түсі­нікті. Соған байланысты Су ми­нистрлігі құрылып, мұны рет­теудің те­тік­тері аталған ве­дом­ствоға жүк­телмек. Бұл біз үшін өте үлкен жетістік. Еліміз трансшекралық өзен­дер­ге тәуелді. Сол себепті  су жетіспейді. Осы мә­селені «Байтақ» партия­сы үнемі кө­те­ріп келдік.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу жөнінде пікір білдіріп, оны халықтық референдумға шығаратынын мәлімдеді. Егер көпшілік қолдау білдірсе, онда АЭС салынады. Меніңше, атом электр стансасы елімізге керек. Бұл – ғылымның жетістігі. «Байтақ» партиясының ұста­нымы осындай. Бірақ технологияны дұрыс таңдағанымыз жөн. Дамыған, әлемдегі ең қа­уіпсіз АЭС салу күн тәртібін­е шығады. Өйткені келешекте энер­­гетикалық дағдарыс орнайтыны түсінікті.

Қазіргі таңда қоғамда АЭС салуға қатысты даудан гөрі, оның құрылысын кім жүргізетіні жиі талқыланып жатыр. Меніңше, Франция, Жапония секілді технологиясы дамыған елдерді таң­даған жөн. Осылайша, заманауи тәсілдер арқылы қауіпсіз атом электр стансасын сала аламыз.

 

Азаматхан ӘМІРТАЙ,

«Байтақ» жасылдар партиясының жетекшісі