Білім • 02 Қыркүйек, 2023

Буллингке қарсы жаңа бағдарлама қабылданады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Жолдауынан білім саласына қатысты негізгі үш мәселені ойға түйдім. Олар: біріншіден, мектеп жасынан суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, екіншіден, балалардың қаржылық сауатын арттыру, үшіншіден, білім ошақтарында қауіпсіздік пен жауапкершілікті күшейту.

Буллингке қарсы жаңа бағдарлама қабылданады

Бұл бағыттарда, әрине, бұ­рыннан жұмыс жүргізіліп келеді. Алайда бұл жұмыстарды жаңа уақыт талаптарына сай жетілдіру керек. Мемлекет басшысы «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаң­сыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», деп атап өтті.

Кейінгі уақытта балалар ара­сындағы зорлық-зомбылық проблемасы қоғамды алаңдатып жүргенін білесіздер. Біз өз тарапымыздан буллинг жағдайын бол­дырмау үшін фин тә­жірибесін зерттеп жатырмыз. Ол елде «Киви» деген бағ­дарлама қабылданған. Ке­йінгі он жылдың ішінде атал­ғ­ан бағдарламаның арқа­сын­да Финляндияда буллинг бірнеше есе төмен­де­ген. Біз бұл тәжірибені өзіміздің білім саласында қолдану жағын пы­сықтап, зерделеп жатырмыз.

Айта кетсек, бағдарлама мектеп әкімшілігі мен ата-ана арасындағы әріптестікті күшейту арқылы буллингке ұшыраған балаларды тығы­рық­тан алып шығуға ба­ғыт­­талған. Оның ішін­де мек­теп­тегі психологиялық жұ­мысты күшейту бағыты да бар. Бүгінгі таңда осы психо­ло­­гиялық жұмыстар бойынша да мектептерде нақты іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде педагог-психологтердің біліктілігін арттыру, олардың жұмыс іс­тей­тін бағдарламаларын жаң­ғырту, сонымен қатар әр өңір­де психологтерге арналған орта­лық­тар құру секілді бастамалар бар.

 

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ,

Оқу-ағарту министрі