Пікір • 02 Қыркүйек, 2023

Жолдаудағы басты тұжырым – тиімділік

234 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Президенттің кеше ғана жарияланған халыққа Жолдауы – елді жасампаздыққа жетелейтін тарихи құжат. Бұл – елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы, кейінгі бес жылдағы Президент жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты.

Жолдаудағы басты тұжырым – тиімділік

Президент осы Жол­да­уында елдегі экономикалық, әлеу­­меттік дамудың таяу жыл­­дар­дағы эволюциясын айқын­дап берді. Ол заңды да. Өйт­ке­ні халықтың тұрмыс сапасы, берекелі өмір сүруі эконо­ми­каның дамуымен тіке­лей байланысты. Мемлекет бас­шысының Жолдауы осы сала­дағы күн тәр­ті­бінде тұрған, ха­лық, қоғам күт­кен өткір мәселе­лер­­дің шеші­мін тап басады.

Әлемдегі геосаяси ахуалға қара­мастан ел экономикасы тұ­рақты дамып келеді. Негіз­гі бағыт­тар бойнша оң көрсет­кіш­терге қол жеткіздік. Алайда жаһандық экономика өзгеріп жатыр. «Түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды», деді Президент.

Осындай сын-қатерлерге қалай төтеп бере аламыз? Тех­но­логиялық бәсекеге дайынбыз ба? Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, орнықты даму сияқ­ты өзекті мәселелер көп. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы және жұрт­шылықты алаңдатқан өзге де сұрақтардың бәріне нақты жауап берді.

Ең бастысы, осынау маңызды кезеңде үлкен экономикалық серпіліс жасауға мемлекетімізде толық мүмкіндік бар. Ресурс та жеткілікті. Экономика деге­ні­міз – ең әуелі тұрақты жұмыс, лайықты табыс. Халыққа керегі де осы. Бұл орайда әділдік, инклюзивтік және үнем­шіл­дік жа­ңа экономикалық бағ­да­ры­мыз­дың өзегіне айналады. Мұны Мемлекет басшысы дөп басып айтты.

Осы орайда мен бірнеше жайт­қа тоқталғым келіп отыр.

Бірін­­шіден, Президент қазіргі күр­делі жағдайда елдің эконо­микалық моделін қайта қарауды ұсынды. Қазақстанның қай салада да әлеуеті зор. Мұ­най-химия, шикізат өңдеу, машина жасау, ауыл шаруа­шы­лығы және т.б. Біздің экономикамыз тиімді болуы керек. Сапалы өнімдермен өзімізді өзіміз толық қамтамасыз етуге тиіспіз. Ол үшін экономиканы әртараптандыру маңызды. Мемлекет басшысы осыған ер­ек­ше мән берді.

Екіншіден, экономиканы қар­жыландыру. Қазір экономикаға қаржы керек. Инвестиция жетіс­пейді. Бұл жерде отандық банк­тер­дің әлеуеті мен ресурсын мо­лынан пайдалану маңызды. Қа­зіргі уақытта нақты секторды қар­жыландыру азайып кеткен. Керісінше, банктердің дені тұтыну несиесіне көп кө­ңіл бөледі. Мемлекет басшысы Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін базалық мөл­шер­лемені жоғары деңгейде ұстап тұрғандықтан, банктердің мол пайдаға кенелгенін айтты. Ал­мақ­тың да салмағы бар. Енді банк­­тер экономиканың нақты секторын қаржыландыруға күш са­ла­тын болады. Экономика жұ­­мыс істеуі керек. Қаражат ай­­налуы қажет. Бұл – үлкен әрі ма­ңызды мәселе. Банктер эконо­миканы да­мытудың қайнар көзі­не айна­лу­ға тиіс. Бүгін Пре­зи­дент осы жөнінде тиісті тапсырма берді.

Үшіншіден, көлік-логис­ти­каны дамыту. Тоғыз жолдың торабында тұрған мемлекетіміздің бұл саладағы мүмкіндігі зор екені айтпаса да белгілі. Еура­зия­ның қақ ортасында ор­на­лас­қан мемлекетіміз арқылы ең маңызды жол тораптары кесіп өтеді. Біздің теңіз және құрғақ порттарымыз, автомагистральдарымыз арқылы Қытайдан Еуропаға, Ресейден Парсы шы­ға­нағына тауар тасымалдау әл­де­­қайда жылдам. Сондықтан көлік-логистика саласын эконо­миканың жаңа драйвері, күре­та­мырына айналдыру – бас­ты міндетіміз. Ол үшін Көлік министрлігі қайта құрылып, осы жұмыспен тікелей айналысатын болады. Жол инфрақұрылымын дамыту азаматтарымыздың тұр­мы­сын жақсартып, табысын арт­тыруға зор септігін тигізеді.

Елімізде тағы бір ми­нистрлік – Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Өйткені бұл мәселе еліміз үшін аса өзекті. Судың сапасы мен ха­лық­қа қол­жетім­ділігіне қатысты өңір­лер­де проблема көп. Енді суға қатыс­ты барлық мәселені шешу осы ведомстваның мойнына жүк­телгелі отыр.

Тағы бір маңызды мәселе – табысты өмір сүрудің кілті тек ақша табуда емес, сонымен қатар үнемдей білуде. Бұл – баршаға аян. Қазір бүкіл әлем үнемдеуге бет бұрып отыр. Ол су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысын үнемдеуге де қатысты. Біз де осыны үйренуге тиіспіз.

Тұрғындардың кредитті шамадан тыс алуы алаңдатарлық мәселе болып тұр. Бүгінде миллионнан астам отандасымыз несиесін төлей алмай жүр. Мем­лекет басшысы бұған да нақты жауап берді. Осы орайда азаматтарды жаппай қаржылық сауат­тылыққа оқытудың ауқы­мын кеңейтуді тапсырды. «Amanat» партиясы бұл жұмысты бас­тап кетті. «Қарызсыз қоғам» жоба­сы­ның алғашқы нәтижелері кө­ңіл көншітерлік. Еліміздің 8 ай­ма­ғында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Президент бұл жобаны Үкіметпен бірлесіп іске асыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ел болашағына қатысты мәсе­ле­­лерге келгенде әрдайым ха­лық­тың пікірін ескереді. Бұған біз тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мәселен, Атом стансасының құ­ры­лысы бойынша референдум өткізу жауапты әрі маңызды қадам болмақ. Халық өз болаша­ғын өзі таңдауға құқылы.

Бүгінгі Жолдаудан түйген бас­ты ой – тиімділік. Біз осы тап­сырмалардың бәрін жүйелі әрі тиімді орындасақ қана нәти­жеге қол жеткіземіз. Тиімді эко­­но­­мика қалыптастырып, игі­­лік­­­те­рі­міздің бәрін – жер, су, та­биғи байлықтарды әділ де тиімді пайдалануымыз керек. Сонда ғана халықтың әл-ауқаты артып, мемлекетіміз өркен­дей­ді. Ал біздің мақ­сатымыз – Жол­дауда айтылған міндет­тердің барлығының заңна­малық дең­гей­де сапалы әрі жедел орындалуын қамтамасыз ету.

 

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы