Президент • 02 Қыркүйек, 2023

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Аида Балаева 1974 жылы туған.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.  

1999-2002 жж. – Алматы облыстық ақпарат және келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы. 

2002-2004 жж. – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы. 

2004 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжам бөлімінің басшысы.

2004-2005 жж. –  Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы басшысының орынбасары. 

2005-2006 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директорының орынбасары. 

2006-2008 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат департамент директоры. 

2008-2010 жж. – Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.  

2010-2014 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 

2014-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай хатшысы болды.

«Құрмет» орденімен (2010 ж) марапатталған.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.