Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023

Ресейлік блогер қызын қазақ мектебіне берді

4354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға көшіп келген блогер, әлеуметтік желіде alga.peterburg (Алға Петербург) аккаунтымен белгілі  Иван Червинский  қызы Ева-Марияны Алматы қаласындағы  №33 мектеп-лицейге қазақ тілінде оқуға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік блогер қызын қазақ мектебіне берді

«Құрметті достар, барлығыңызды білім күнімен құттықтаймын.  Мен үшін, менің отбасым үшін де  бұл ерекше күн. Бүгін менің қызым Ева-Мария 1-сыныпқа барды.  Қызымның  қазақ сыныбына баруы жайдан-жай емес,  біз үшін жаңа мемлекет, жаңа тіл. Кез келген ата-ана да толқиды деп ойлаймын. Қазақстан бізді құшақ жая қарсы алып, осындай мүмкіндік тудырғаны үшін  бақыттымын!» деді блогер.

Иван Червинский қазақ өнер жұлдыздары мен спортшыларының әлемдік сахналардағы жетістігі мен дүбірлі додалардағы жеңісін әлеуметтік желіде, ютуб арнасында әйгілеп хабар таратып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемде  ресейлік блогерді Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Алғыс хатпен марапаттаған болатын. Қазақстанға түбегейлі қоныс аударған  блогер қазақ тілін үйреніп жүрмін дейді. Блогердің тіл сындырып, қызын қазақша оқытуға шешім қабылдауы оқырмандарының үлкен қолдауына  ие болды.