Фото: Instagram/profsouz_korgay
«Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жұмыстарды тоқтата тұруға байланысты босап қалған 600-ге жуық жұмысшы көмір департаментінің басқа шахталарына жұмысқа орналастырылды. «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының басшылығымен жұмысын ауыстырған қызметкерлерге ақы орындаған жұмыс көлеміне қарай төлеуге, онда да орташа жалақыдан төмен болмауға уағдаласты», делінген ақпаратта.
Еске салайык, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді.