Спорт • 04 Қыркүйек, 2023

Шаған шыңына шықты

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тауға шығудың да мәде­ниеті бар. Қазір өңірде туризмге барынша көңіл бөлініп келеді. Осы рет­те Бұрқанбұлаққа бауы­р басып, Шаған шы­ңына шығуға асыққан жас­тардың саны арта түсті. Олардан үлкен­дер де қа­лысар емес. Күні кеше Көксу ауданы­на қарасты Ақтекше ауылында «Адал­дық шы­ңын­да бол!» ұра­нымен рес­­публикалық «Шаған тау – 2023» марафоны өтті.

Шаған шыңына шықты

Спорттық іс-шара таңғы жаттығумен басталды. Әр аймақтан келген спортшылар дене қыздырып, бәсекеге белсене дайындалды. Әрқайсысы «жеңіске жетем» деген үміттің жетегінде жігерленді.

Жарысқа өңірдегі белсенді жастар, спортшылар, әуесқой жеңіл атлеттер, облыс тұр­ғын­дары мен қонақтары қатысты. Олар 18-ден жоғары және 40-тан жоғары жас санаттары бойын­ша бақ сынасты.

Игі істің өтуіне мұрындық болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті, облыстық қоғамдық даму бас­қармасы, Көксу ауданының әкімдігі, «Jetіsý jastary» КММ-ның филиалы «Koksý jastary».

Тау жарысын ұйымдас­тырудағы басты мақсат – жас­тардың бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілікті қалыптастыру. Сонымен қатар Жетісу облы­сының тұрғындары мен қонақ­тарын саламатты өмір салтына ынталандыру.

Бұл додаға барлығы 150-ден аса адам қатысты. Нә­ти­­жесінде, 13 шақырым қа­шықтық бойынша ерлер ара­сында бірінші болып мәре сы­зығын Аман Нұркелді, екін­ші болып Айбол Омар кесті. Үшінші орын Есенбол Жа­ңа­бекке бұ­йыр­­­ды. Ал әйелдер арасын­да бі­рінші орынды Ай­жан Рах­ман, екінші орынды Жанлин Ростовецкая еншіледі.

6,5 шақырым қашықтыққа жүгіруде ерлер арасында же­ңімпаз Данияр Орманғали атан­ды. Екінші орын Ислам Аман­­ғосқа, үшінші орын Әкім Ер­кебайға бұйырды. Ал әйел­дер арасында Ақбаян Нұр­­маммет бірінші келді. Мә­реге екінші бо­лып Жұлдыз Ах­метова жет­ті. Үшінші орынды Файруза Ат­шабарова алды.

6,5 шақырым қашықтық бойынша 40-тан жоғары жас санаты арасында бірінші орынды Ержан Жанмаилов жеңіп алса, екінші орынды Асқар Қо­жанов еншіледі. Үшінші орын Сұңғат Қайыртаевқа бұ­йырды. Жеңімпаздар мен жүл­дегерлер Алғысхатпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Жетісу облысы