Спорт • 05 Қыркүйек, 2023

Қол күрестен ел қоржынына 136 медаль түсті

805 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Sport Qory қолдауымен Алматыда қол күресінен ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қол күрестен ел қоржынына 136 медаль түсті

Фото: Sport Qory инстаграм

Чемпионатқа әлемнің 52 елінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Ел намысын 256 спортшы қорғады.

Шара аясында 30-31 тамыз аралығында өткен дене мүмкіндігі шектеулілер арасындағы қол күрестен Қазақстан намысын 144 спортшы қорғады.

Спорт қоры
Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына 136 медаль түсті. Қазақстан құрамасы 35 «алтын», 63 «күміс», және 38 «қола» медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.