Фото: gov.kz
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, аталған университеттің президенті Берік Ахметов, Мұқыр Ниязұлының ұрпақтары және қонақтар қатысқан аудиторияның салтанатты ашылуынан соң ардагердің өмірбаяны туралы фильм көрсетіліп, студенттерге қажетті барлық құралдармен жабдықталған жаңа оқу аудиториясына экскурсия жүргізілді.
«Оның соғыс кезіндегі ерліктері көпшілік үшін маңызды үлгі болып қала береді. Мұнда оқитын студенттерге өздерінің батыр ата-бабаларының өмірлеріне қатысты ақпараттарды зерттеуге мүмкіндік туады. Мұқыр Ниязұлының ұрпақтары облыстың түрлі салаларында белсенді қызмет етіп жатыр», деп атап өтті облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үш соғысқа қатысқан Мұқыр Ниязұлы соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектепті бітіріп, 1959 жылы КОКП ОК жоғары мектебіне оқуға түскен, 5 жылдан кейін саясаттанушы-экономист мамандығын меңгерген. Комсомолдың бірінші хатшысы болып жұмыс істеген, бірнеше рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланған.