Фото: https://web.telegram.org/
Ә.Смайылов үшінші мегаполистің активімен кездесіп, инвесторларды көптеп тарту үшін жағдай жасап, қала дамуына күш қосатын өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға басымдық беру қажеттігін айтты.
«Біз Шымкент қаласының шағын және орта бизнес үшін өнеркәсіптік аймақтар құру тәжірибесін кеңінен қолдаймыз. Биыл бұл тәжірибені барлық өңірде қолдану бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Шымкент шағын және орта бизнестің орталығы деп айтуға болады. Сол себепті шағын индустриялық аймақтарды іске қосу жұмыстары жалғасуға тиіс», деген Премьер-Министр жаңа тағайындалған қала әкіміне Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда әбжілдік керек екенін айтты.