Фото: Facebook/Dimash Qudaibergen/
«Кеңес Одағы ыдырағанда Сіз үште болған екенсіз. Бәрі жаппай шет тілін меңгеруге ұмтылған кез. Жалпы үйіңізде орыс тілінде сөйлесесіздер ме?», деп сұрақ қойды Ресей радиосының тілшісі.
Бұл сұраққа жауап берген Димаш әр ұлт өкілі ең алдымен өз ана тілін сыйлауы тиіс екенін қадап айтты.
«Біздің үйде темірдей тәртіп бар. Атам да, әкем де, апам да, анам да бәрімізге қазақ тілінде сөйлеуді бұйыратын. Мен мұны дұрыс деп білемін. Әр ұлт өкілі ең алдымен өз ана тілін сыйлауы тиіс, әрине өз тілінде көбірек сөйлеуге тырысуы керек. Сондай бір өтпелі кезеңде елге еліктеп кетпей, қазақтілді жас болып өскеніме мақтанамын», деді әнші.