Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023

Қосшыда жаңа мешіттің іргетасы қаланды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Қосшы қаласының орталығында жаңа мешіттің іргетасын қалау іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды  Egemen.kz Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосшыда жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Құрылысқа жауапты әрі мешіт салушы Махат Төреәлі Бас мүфтиге жаңа нысанның жобасы жайлы баяндады. Кейін Діни басқарма төрағасы арнайы капсуланы мешіттің іргетасына қалады.

муф2

«Қосшы – қала мәртебесін алғалы мұнда халық саны көбейді. Бөгенбай батыр атындағы мешіт 2001 жылы салынған. Бірнеше жылдан бері жергілікті жамағат жаңа мешіт салу туралы ұсыныстарын айтып келеді. Бүгін көптен бері көкейде жүрген, бір жағы жамағаттың сұранысын ескере келе мешіт құрылысы басталды.  Осы құтхананың құрылысын қолға алған дініміздің жанашыр азаматтарына, Алла үйінің бойкөтеруіне тілеулестік білдірген жамағатқа тағы да Алла разы болсын дегім келеді», деді Бас мүфти.

Құрылысы енді басталған құлшылық үйі келер жылы тамызда қолданысқа берілмек. Мешіттің жалпы сыйымдылығы - 500 адам. Одан бөлек жанынан медресе бой көтереді.