Президент • 05 Қыркүйек, 2023

Президент ауыл шаруашылығы тауары мен құрылыс материалдарын өндірушілер көрмесіне барды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарлары мен құрылыс материалдарын өндірушілердің көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент ауыл шаруашылығы тауары мен құрылыс материалдарын өндірушілер көрмесіне барды

https://web.telegram.org/

«Көрмеге аграрлық сала бойынша ет, құс, сүт және балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының, сондай-ақ шырын, сусын өндірушілердің, көкөніс және жеміс өңдеушілердің тауарлары қойылды. Мемлекет басшысы шаруалармен әңгімелесу барысында өңірдің климаттық жағдайы мен мегаполиске жақын орналасуы бұл салаға инвесторлар тартуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, өңірде ерекше бағыт – түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді және аталған сала экспорт үшін зор әлеуетке ие», делінген хабарламада.

Көрмені аралап көрген  Президент: «Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды», деді.

корме