
https://www.akorda.kz/
Кәсіпкер Бақыт Атайбеков 2001 жылы мал өсіруді қолға алып 16 мың бас ірі қара малын өсіріп отырғанын айтты. Сиыр малын өсіруден бөлек ешкі сүтін де өндіретінін жеткізді. 1200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отырғанын, агроөнеркәсіп саласында қордаланған түйткілді айтты. Президент кәсіпкерге осы саладағы мәселені жазып беруді тапсырды.