Жұмыс • 06 Қыркүйек, 2023

Еңбекке жол тап!

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды. Жобаға кез келген адам қатыса алады және бұл толықтай тегін.

Еңбекке жол тап!

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік ашылып отыр.

Астана әкімі Жеңіс Қасым­бек­тің мәліметінше, «Joltap» жобасы аясында елордада бар­лы­ғы 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункті жұмыс істейді. Айталық, Жастар сарайы, «Ailand» СОО, «Встреча» СҮ, «Азия Парк» СОО, «Тұлпар» СО сияқ­ты мекенжайларда алғашқы бес модульдік бекеттер жұмысын бастаған. Модульдік бекеттер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ қала басшысы «Joltap» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орын­дарын құруға әлеуметтік сая­саттың қажеттілігі туралы тап­сырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, жоба тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып отыр.

«Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қыз­мет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көш­басшылары жұмылдырылды. Олардың ішінде «BI Group», «Magnum», «Marwin», «Shaurma Food» және т.б. бар. Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қо­ғамдық қоры. Бар­лық модуль­дік бекетті «Халық» қоры ұсын­ды», дейді қала әкімі.

«Joltap» аясында тұрғын­дар қаланың бос жұмыс орындары бар «Jumys Tap» Telegram-бот секілді құралдарын пайдалана алады. Сонымен қатар шағын бизнес ашуға арналған несие беру бағдарламалары жө­нін­де мамандықтары бойынша қысқа-мерзімді оқытудан өтуге мүм­кін­дік бар.

«Жобаның мақсаты – халық­тың табысының өсуі үшін мүм­кін­діктерді таңдауға көмек көр­­сету. Оған өз мансабы мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін жауап­кер­шілікті алуға дайын кез келген адам қа­ты­са алады», дейді ұйым­дас­ты­ру­шылар.