Спорт • 06 Қыркүйек, 2023

Азия ойындарына баратын каратэшілер құрамасы жасақталды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэшілердің тізімін ұлттық құрама бапкері Тарек Абдессалам жария етті, деп жазады Egemen.kz.

Азия ойындарына баратын каратэшілер құрамасы жасақталды

Фото: Ашық дереккөз

Азия ойындарында ел намысын қорғайтын каратэшілер 8 түрлі салмақ бойынша сайысады. 

Ерлер: 

Қайсар Алпысбай (60 келі)
Дидар Әмірәлі (67 келі)
Нұрқанат Әжіқанов (75 келі)
Данияр Юлдашев (84 келі)

Әйелдер: 

Мөлдір Жаңбырбай (50 келі)
Әсел Қанай (61 келі)
Лаура Әліқұл (68 келі)
Софья Берульцева (+68 келі)

Бұл күндері каратэшілеріміз Франциядағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.