БЖЗҚ-ның жүргізілген есебіне сәйкес, ел азаматтарының 1 трлн 355 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинақтары бар. Бұл былтырғы жылдың соңында жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінің 9,2 пайызын құраған. Осыдан екі жыл бұрын шетелдік менеджерлер ел азаматтарының 1 трлн 382 млрд теңгеден астам жинақ ақшасын басқарған көрінеді.
Сонымен қатар БЖЗҚ есебіне сәйкес, 2021 жылы зейнетақы активтерінің бір бөлігін басқаратын шетелдік компаниялар қор салымшыларына 140,9 млрд теңге табыс әкелген. Сонымен зейнетақы активтерінің бір бөлігі алғаш рет 2018 жылы ол кезде менеджментке Aviva Investors Global Services Limited тартылып, активтердің 0,8%-дан аспайтын бөлігі сыртқы басқаруға берілген. Біртіндеп шетелдік менеджерлер пулы артып, 8 сыртқы басқарушы компанияның үштігіне Pgim Limited (306,1 млрд теңге), Principal Global Investors (Europe) Limited (303,7 млрд теңге) және HSBC Global Asset Management (UK) Limited (222 млрд теңге) кірген. Сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтерінің 61,3%-ы осы үш компанияға тиесілі.
Ал осы аралықта қор инвесторлары қандай акциялар бойынша табыс тапты?
Бір жыл ішінде БЖЗҚ салымшыларының акцияларға инвестициялау есебінен дивидендтік кірісі екі есеге жуық азайып, егер 2021 жылғы салымшылардың дивидендтік кірісі 29 млрд теңгені құраса, 2022 жылы ол 17 млрд теңгеден аспаған. Өткен жылы дивидендтер көлемі бойынша үздік 5 бағалы қағазға, мәселен, Қазатомөнеркәсіптің депозитарлық қолхаттары (дивидендтік кірістің 69%), «KEGOC» АҚ жай акциялары (12,8%), «Атамекен-Агро» артықшылықты акциялары (12%), «ҚазТрансОйл» компаниясының жай акциялары (1,6%) және Fincraft Resources артықшылықты акциялары (1,5%) болған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түскен төлемдер қайда жіберілді?
Бір жыл ішінде қордан жинақталған зейнетақы төлемдерінің көлемі 58,9%-ға азайып, 2021 жылы БЖЗҚ бұл мақсаттарға 2 трлн 882 миллиард теңге бөлінсе, 2022 жылы – 1 трлн 182 млрд теңге болған.Өткен жылы инвесторлар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-дан 902,8 млрд теңге алып, төлемдер сомасының 76,3%-ын құраған. Салыстырмалы түрде қарағанда 2021 жылы бұл көрсеткіш екі еседен астамға өсіп, 2,5 трлн теңге шамасында қалыптасты. Сол кездегі заңнамалық құқықтың берілуіне байланысты халықтың жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға деген сұраныс артып, тұрғын үй жағдайын жақсарту, ипотеканы өтеу, емделу және басқа да мақсаттар үшін зейнетақы активтерінің бір бөлігі алынғаны бар. 2021 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алудың жеткіліктілік шегі 2022 жылмен салыстырғанда екі есе төмен болған. Сондықтан БЖЗҚ-дан «артығын» алу мүмкіндігі бар көптеген салымшылар осылай жасады.
БЖЗҚ-дан жинақ ақшаны мерзімінен бұрын алудан басқа, зейнет жасындағы азаматтарға – 119,2 млрд теңге, мұрагерлерге – 54,3 млрд теңге және елден кеткендерге – 43,4 млрд теңге төлемдердің қомақты сомасы жасалған.
Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Ұлттық банк пен жеке менеджерлер қандай комиссия алады?
Зейнетақы нарығының қатысушылары қандай комиссия алатынын көрейік. Әлеуметтік кодекс деректерінің негізінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы активтерінің көлемінен БЖЗҚ комиссиясының мөлшері айына 0,01%-дан 0,008%-ға дейін төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап қор инвестициялық кірістен комиссия алмайды. Ол тек зейнетақы активтерін басқарушылардан алынады. Ұлттық банк – 2% және инвестициялық портфельді басқарушылар – инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспайды. 2023 жылы Ұлттық банктің комиссиялық сыйақысы 1,5 пайызды, ал 2022 жылы инвестициялық кірістің 1,8 пайызын құрады. БЖЗҚ-ның тексерілген есептеріне сәйкес, 2022 жылы зейнетақы активтерінің бір бөлігін басқарушылар, Halyk Global Markets – 3,5%, Jusan Invest – 5%, BCC Invest – 7%, Centras Securities – 7,5%, Halyk Finance – инвестициялық кірістің 5% комиссиясына ие болған. Сондай-ақ 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банкке салынатын базалық комиссия алымы мен аталған банктің сенімгерлік басқаруға байланысты шығыстарды өтеудің күші жойылғаны көрсетілген.
Қалай дегенмен де, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры базалық комиссияны өтеу және сыртқы басқарушыларға артық кірістен сыйақы төлеу бойынша комиссиялар төлеген. Еске алсақ, 2020 жылы қор Ұлттық банктен қаржы құралдары портфелінің тобына байланысты дифференциалды түрде есептелетін базалық-комиссиялық сыйақы алған. Оның максималды мөлшері айына 0,06% болуы мүмкін екен. БЖЗҚ-ның кастодианы – Ұлттық банк. 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап қордың кастодиандық операциялар бойынша қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері алынып тасталған көрінеді.