Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Павлодар облысындағы жас кәсіпкерлерге 136 микрокредит берілді

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл 463 грант және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға 157 микрокредит беру көзделген. Бүгінгі таңда 263 грант пен 136 микрокредит берілді. Мемлекеттік қолдау алушылар өз істерін сәтті іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысындағы жас кәсіпкерлерге 136 микрокредит берілді

Гранттардың көпшілігі, яғни 47,9%-ы немесе 126 грант мал шаруашылығына, 36,9%-ы немесе 97 грант технологиялық жабдықтарды сатып алуға берілді.

Биыл 11 қыркүйекте басталатын үшінші лекте облыс бойынша 200 грант беру жоспарланған. Жалпы республика бойынша 3 780 грант беріледі.

Бұдан басқа осы жылдың басынан бастап жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жылдық 2,5%-бен микрокредит беру түрінде жәрдемдесу шарасы көзделген. Павлодар облысында жастар үшін 157 микрокредит беру жоспарланған, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 785 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 530,4 млн теңгеге 136 микрокредит берілді.

Жас кәсіпкерлерге микрокредиттер үздік бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі негізінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ атынан сенім білдірілген агент арқылы беріледі.

400 АЕК көлемінде грант алушылардың бірі Екібастұз қаласының тұрғыны Светлана Лейс. Ол мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы туралы әлеуметтік желілерден біліп, қатысуға шешім қабылдаған.

«Ақпан айында қалалық жұмыспен қамту орталығына хабарласып, барлық қажетті ақпаратты алдым. Нәтижесінде кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, сертификат алдым», деді С.Лейс.