Оқиға • 07 Қыркүйек, 2023

Талдықорғанда жоғалып кеткен 8 айлық сәби табылды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Талдықорғанда жоғалып кеткен 8 айлық сәби табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Талдықорғанда жоғалып кеткен 8 айлық сәби табылды

Фото: видеокадр

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, нәресте әкесінің туыстарының үйінен табылған. Қалалық полиция қызметкерлері сәбиді анасына тапсырды, өз кезегінде ол бөбегін табуға жәрдемдескені үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

«Баланың болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді, әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.