«Alstom» компаниясы – зияткерлік және орнықты мобильділік саласында әлемдік көшбасшы. Компания Астанада бүкіл өмірлік цикл бойына теміржол көлігінің барлық түріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған арбаларды өндіру және жөндеу орталығын алғашқы болып ашты. Жаңа орталықтың алаңы 8000 шаршы метрді құрайды. «Alstom»-ның Қазақстандағы даму жоспары аясында компания арбаларды өндіру және жөндеу жөніндегі орталықты құруға 15 млн еуродан астам инвестиция салған. Енді онда 100-ден астам маман-қызметкер жұмыс істейтін болады.
Кәсіпорынның басым міндеттері – құрамдас бөліктердің қызмет ету мерзімін ұзарту. Сөйтіп, тиімді техникалық қызмет жасау жоспарлары мен барынша пайдалану дайындығын қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ жетілдірілген күйге негізделген техникалық қызмет көрсету функциялары сияқты шаралар арқылы операторларға арналған меншіктің жиынтық құнын оңтайландыру болып отыр.
Компания өндірген арбалар жоғары беріктілігімен ерекшеленеді. Ол әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларда жұмыс істей беретінімен де ерекшеленеді. Сондай-ақ сынған, майысқан жағдайда қайта өңдеуге 98% жарамды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығы жабдық өндірушілерінің білімі мен технологиясын инновациялық әзірлемелермен біріктіреді.
«Арбаларды өндіру және жөндеу орталығымыз 25 жыл бойы «Alstom» жүк және жолаушылар электровоздарына толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып келеді», дейді Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директор Қанат Алпысбаев.
«Alstom» өмірлік циклді басқару және техникалық шешімдер арқылы арбалар мен олардың құрамдастарының мінсіз жай-күйін жөндеу және күрделі жөндеу арқылы қалпына келтіре отырып, әртүрлі қызметті ұсынады. Орталық дөңгелек жұптары мен тербеліс бәсеңдеткіштерін жөндеуді, 3D-өлшемдерін, бұзбайтын, бұзылмайтын бақылауды жүзеге асырады. Бұлармен бірге дөңгелек жұптары мен қозғалтқыштардың сынақтарын, сондай-ақ цифрлық өндірістік үдеріс негізінде жүзеге асырылатын осыған байланысты басқа да жұмыстарды қамтитын арбалардың тораптарын жөндеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталық «Alstom» компаниясы өндірмеген теміржол көлік құралдарының құрамдастарына да қызмет көрсете алады.
«Бұл озық өндірістік нысан Қазақстанда «Alstom» компаниясының индустрияландыруын дамытудың нәтижесі болды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығымыз 25 жыл бойы «Alstom» жүк және жолаушылар электровоздарына толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып келеді. Инновациялық жабдықтар мен қызметтердің толық спектріне ие бола отырып, біз Қазақстанда мобильділікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктес ретінде қолдау көрсетуге қуаныштымыз», деді Қ.Алпысбаев.
«Alstom» компаниясының Батыс және Орталық Азияда 1000-нан астам қызметкері бар. Қазақстанда, Әзербайжан мен Өзбекстанда үш өкілдігі, бес қоймасы, сервистік орталығы және екі зауыты бар. Астана қаласындағы электровоздарды өндіру мен оларға қызмет көрсету және тартым трансформаторларын шығару жөніндегі ЭҚЗ мен Алматы қаласындағы бағыттамалық бұрмаларды өндіру жөніндегі КЭП-те аталған компанияның иелігінде.