Мектеп • 08 Қыркүйек, 2023

Инновациялық корпус

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте 7-11-сынып оқушылары үшін 520 орынға арналған инновациялық корпус ашылды. Жаңа ғимарат 9 бағыт бойынша оқыту бағдарламаларын қамтиды. Әр бағытқа сәйкес, мектеп түлектеріне тиісті сертификаттар, дипломдар мен алғысхаттар табысталады.

Инновациялық корпус

Инновациялық ғимаратта 600 шаршы метр спорт залы, үлкен киіз үй пішінді 80 орындық кітапхана, жоғары деңгейде жабдықталған 3 дәріс залы, LED экранды амфитеатр, 400 орындық асхана, хореография, дзюдо залдары, оқушылардың демалуына арналған 10-нан аса шығармашылық аймақ пен асхана орналасқан.

Мектептің негізін қалаған меценат Әсел Тасмағамбетованың айтуынша, инно­вациялық корпустың ашылуы – мектеп құрылғалы жоспарланған маңызды қадамның бірі. Бұл орталықта оқушылардың кәсіби салада ғана емес, мәдени мұрамызды, тарихымызды мақтан тұтатын тұлға болып қалыптасуына толыққанды жағдай жасалған.

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп он жылдан аса уақыт ішінде халық­аралық экологиялық стандартқа ие бола отырып, білім беру ісінде үздік тәжірибе мен сапалы білімге қолжетімділікті қам­тамасыз етіп келеді. Оқушыларды үнемі ынталандырып отыру мақсатында үздік оқушыларға арнайы гранттар мен шәкіртақы қарастырылған.

 

АЛМАТЫ