Экономика • 08 Қыркүйек, 2023

«KazakhExport» – ел экономикасының елшісі

223 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақ­стан­ның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Осы орайда, «KazakhExport» компаниясы экспортты дамы­татын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы мін­детті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс», деп атап көрсетті.

«KazakhExport» – ел экономикасының елшісі

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Отандық өнімді өткізу нарық­тарының географиясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ел экономикасының бү­гінгі таңдағы басым бағыт­тары­ның бірі. Кейінгі жылдары елі­міз шекара маңы саудасын дамы­туға, сауда кедергілерін жою­ға, «Ұлттық экспорттық стра­тегия» бағдарламасын іске асы­ру шеңберінде тауарлар мен қызметтерді өткізу еркіндігін қам­та­масыз етуге көп кө­ңіл бөліп келеді. Осы орай­да елі­міздегі бірден-бір маман­дан­­ды­рылған сақтандыру ұйы­мы – экспорттық-кредиттік агент­тік функцияларын жүзеге асыратын даму институты «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы­на артылар жауапкершілік зор. «KazakhExport» ЭСК» АҚ – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компания экс­порттық циклдің барлық ке­зеңдерінде экспортты қолдау­дың сақтандыру қаржылық шараларын ұсыну есебінен сыртқы нарықтарда шикізаттық емес сегменттің отандық экспорттаушыларына қолдау көрсету шараларын жүзеге асырады.

«KazakhExport» негізгі қызметі аясында өңдеуші сектордың экспорттаушы кәсіпорындарына және екінші деңгейлі банктерге сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жаса­мау тәуекелінен сақтандыру қорғаны­­сын ұсынады және экспорттық цикл­дің барлық кезеңінде қауіпсіздік­ке кепілдік береді. «KazakhExport»-тың негіз­гі стратегиялық мақ­­саты – эко­но­миканың басым сек­­тор­ларын­да шикізаттық емес тауар­­лар, жұмыс­тар, көрсетілетін қыз­мет­тер экс­портының өсуін қол­дау, қазақ­стандық кәсіпорындар­­ды қар­жы­лық сақтандыру және қар­жы­лық емес қолдау тәжірибесін қа­лыптастыру, ұлттық экспорттық стра­тегия міндеттерін ескере отырып, қолдау көрсетілген экспорттық келісім­шарттар көлемін ұлғайту және қаржылық қолдау алған экспорттау­шылар санын нысаналы мәндерге дейін арттыру», деді компанияның басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин.

Экономиканың түрлі саласында: тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер экспорты, металлургия және басқа да шикізаттық емес салаларда қызмет ететін компания тұтынушыларының экспорттық географиясы да өте кең. Олардың қатарында Түркия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қыр­ғызстан, Түрікменстан, Син­гапур, Беларусь, Грузия, Польша, Моңғолия, сынды елдер бар.

Еліміз үшін көршілес, бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан экспорттық мүдде­лілі­гі жоғары елдер санатын­да және олар Ресей мен Қытай­дан жүк тасымалының көлік­тік қол­­жетімділігі, экспорт пен им­порт көлемінің өсу болжамы бо­йын­ша кем түсіп жатса да, өнім өт­кізудің болашағы зор нарық­тары болып саналады. Қазақ­стан аталған ел­д­ермен сауда-экономи­калық ын­тымақ­тастықты жоспарлы түрде терең­детіп, кеңейте отырып, бірін­ші кезекте ірі инфра­құры­лым­дық жобаларға, өзара тауар айна­лымының көлемін ұлғайтуға жол ашатын халықаралық өндірістік коопе­рацияны дамытуға басымдық береді.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-эконо­микалық ынтымақтастығы соны серпінмен сипатталады, дегенмен инвестициялық ынтымақтастық, өзара сауда құрылымын әртарап­тандыру және оның көлемін арттыру сияқты салаларда оны жандандыру үшін елеулі резервтер де бар. Қырғызстандағы қазақстандық экспорттың негізгі көлемі төрт тауарлық топпен қалыптасқан: азық-түлік (30%), минералдық өнімдер (28%), химия өнеркәсібі өнімдері (13%) және машина жасау өнімдері (12%).

«KazakhExport» компаниясы 2019 жылы желтоқсанда Бішкек қаласында шетелдік өкілдің кең­сесін ашты. Қырғызстанға экспорт­тай­тын отандық кәсіпорындар­ды сақ­тандыру қолдауы бұрын да бол­ған. 2017 жылдан бас­тап «KazakhExport» тарапынан қол­дау көр­се­тілген кәсіпорындар қатарын­да трансформаторлар, ПВХ терезе про­фильдері, май өнімдері, дәрі-дәр­мектер, кілемдер, кондитерлік өнім­дер, макарондар мен ұн, сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш заттар экспорттайтын өндірушілер бар. Төрт жыл ішін­де Қырғызстанға экспортпен қол­дау тапқан жобалар бойынша қа­был­данған «KazakhExport» мін­дет­те­м­елерінің жалпы көлемі 40 млн долларды құрады.

Өзбекстан да еліміз үшін өңір­дегі стратегиялық маңызды сау­да серіктесі. «KazakhExport» ком­паниясының Ташкент қаласындағы шетелдік өкілі­нің кеңсесі өз жұ­мысын 2019 жылдың наурыз айын­да баста­ды. Содан бері компания Өзбек­станға 80 млн доллар мөл­шерінде өнім экспорттаған отан­дық кәсіпорындарға қолдау көр­сетті. Оның ішінде сақтандыру қол­­дауы­ның ең айтарлықтай көле­мі өт­кен жылға тиесілі – 64 млн доллар, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен салыс­тырғанда алты есе көп.

Өндіруші-экспорттаушылар KazakhExport қолдауымен транс­фор­маторларды, кондитерлік өнім­дерді, крахмал сірнесін, жылу оқшаулағыш плиталар мен төбе плинтустарын, ірі қара мал­дың етін, кокс, минералды мақ­та, арматуралық прокат, цемент, полимерлік және кабель өнімдерін, күн­бағыс майын, жартылай суль­фидті герметик, полиэтилен құбыр­лар, жиһаз, ұн және макарон өнімдерін, құбырлар, сүт өнімдерін, автомобильдер, газ және электр қазандықтарын шетелге сатты, логистика және құрылыс қызметтерін жүзеге асырды.

«KazakhExport» отандық машина жасау саласын дамытуды да белсенді қолдап келеді. 2020 жылдың басынан бастап ком­­пания Өзбекстанға отандық «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомо­биль жасау кәсіпорнының ала­ңында «Узавтосаноат» АҚ-мен бір­ле­сіп шығарылған 1 064 JAC маркалы автокөлікті жеткізу қызметін 16,5 млн доллар сомасына аккредитивті қаржыландырды. Ресей Федерациясына 3,4 млн доллар сомасына Қазақстан-Өзбекстан өндірісінің Ravon Nexia R3 маркалы 400 автомобилін жеткізу жөнін­дегі мәміле іске асырылды. Авто­мобильдер Қостанай автомобиль зауытында құрастырылды.

Мұндай нәтижелер «Kazakh­Export»-тың аталған елдер­дің түрлі даму институтымен жә­не қаржы ұйымдары­мен ты­ғыз ын­ты­мақтастығының арқа­сын­да мүмкін болды. Компания импорт­тау­шыларға кредиттік тәуекел бо­йынша өзінің сақтандыру қорғауын ұсына отырып, отандық тауарларды сатып алу үшін жергілікті банктерді экспорттық сауданы қар­жыландыруға тарта алады. Ол үшін «KazakhExport» бірқатар шетелдік банкпен сенімді серіктестік орната білді.

Өткізу нарығының шектеулі бо­луына байланысты отан­дық өн­діру­шілер үшін орташа экс­порт­тық мүдделі ел болып санала­тын Тәжікстанға да бірқатар өнім­іміз экспортталып жатыр. Экспорт құры­лымында астық, отын, металл өнімдері басым. Өңдеуші сек­тор негізінен ұн тарту-жарма өнер­кәсібінің өнімдерін, майлар мен жануарлардан немесе өсімдіктен алынған майларды, электр машиналары мен жабдықтарды ұсынады. «KazakhExport» компаниясының шетелдік өкілінің кеңсесі Душанбе қаласында да ашылған. Оның мақсаты – бизнесқоғамдастық­пен байланыс орнату, кәсіпкер­лер мен қаржы құрылымдарын «KazakhExport» құралдары туралы ақпараттандыру, экспорттаушы­ларға екі елдің тауар айналымын ұлғай­ту үшін түрлі кедергіні ең­серуге көмектесу. Тәжікстанмен арадағы ең ірі кейстердің бірі «Сомон Эйр» ЖШС авиаком­па­ния­сы үшін «Еврокоптер Казахстан ин­жиниринг» ЖШС-ның Н125 Airbus Helicopters маркалы тікұшағы­ның экспортын қаржылан­дыру­ды ұйымдастыру болды. Сондай-ақ «Talco Management limited» ірі тәжікстандық импорт­таушы компания үшін химия және құрылыс салаларындағы өнімдерді жеткізу жөніндегі барлық ірі жоба «KazakhExport» сақтандыру өтемімен іске асырылды.

Жалпы алғанда, 2017 жылдан бас­тап экспорттық келісімшарт­тар бо­йынша қабылданған «KazakhExport» сақтандыру міндет­те­мелері­нің көлемі 19,2 млн долларды құрады. Өзіміздің май өнімдері, кондитерлік тағамдар, лак-бояу материалдары, автомобильдер, арматуралық прокат, мұнай коксы, минералды тыңайтқыштар, отқа төзімді өнімдер жет­кізілімі сақтандырылды. Ком­пания түрлі мемлекеттік құры­лыммен және қаржы институтымен ынтымақтастық туралы уағдалас­тыққа қол жеткізді.

2022 жылғы аудиттелген деректерге сәйкес, «KazakhExport» экс­порт­тық сақтандыру компа­ниясы» АҚ 2 млрд 272 млн теңге көлемінде таза пайда тапты, бұл 2021 жылғы нәтижеден 13%-ға жоғары. Табыстың өсуі опера­циялық қызметтің тиімділігін арттыру, сондай-ақ елдің экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын қаржылық сақтандыру арқылы шикізаттық емес экспортты дамытуды ынталандыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Сөйтіп, компанияның активтері бір жыл ішінде 139,4 млрд теңгеден 149,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде меншікті капиталы 113 млрд теңгені, міндеттемелері 36,8 млрд теңгені құрады.

Өңдеуші сектордың отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету көлемі өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 27%-ға өсті және компания үшін 259,1 млрд теңге (2021 жылы 204,7 млрд теңге) көлемінде рекордтық мәнге жетті. Ұсынылған экспорт алдындағы экспорттық сауда-қаржыландыру көлемі – 20 млрд теңге, бұл жоспарлы мәннен 43%-ға жоғары.

2022 жылы 80 экспорттаушыға, оның ішінде 500-ден астам шетелдік импорттаушымен сауда қатынастарын жолға қойған 21 жаңа экспорттаушыға қолдау көрсетілді. Жалпы, 2016 жылдан бастап 800 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден аса экспорттаушыға қолдау көрсетілген екен.

Өткен жылы компания экс­порт­тық кредиттік агенттік­терді, коммерциялық сақтандыру­шыларды және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылды дамытуды және нығайтуды сәтімен жалғас­тырды. Атап айтқанда, Өзбек­станның, Тәжікстанның жүйе құ­раушы қаржы институттары­мен аккредитив шеңберінде қар­жы­­ландыруды тарта отырып, Қазақ­станнан тауарлар мен көрсеті­летін қызметтердің импортына сұра­ныс­ты ынталандыру туралы, Иранмен кепілдіктер және экспорт­тық кредиттер мен инвестициялар­­ды сақтандыру саласында, Қыр­ғыз­­станмен қайта сақтандыру шең­берінде келісімдерге қол қойылды.

Әлемдегі ең ірі қайта сақтандыру компанияларының бірі – Swiss Reinsurance Company және Сауд Ара­бия­сының экспорттық-кредит­тік агенттігі ICIEC-пен облига­ция­лық қайта сақтандыру шарттары ұзартылды.

«KazakhExport»-тың ICIEC-ке берген тәуекелдерінің көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды. ICIEC-пен ынтымақтастықты нығайту бізге қаржылық тұрақтылықты арттыруға және компанияның шетелдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, портфельге жүктемені азайтуға және отан­дық экспорттаушыларға қол­дау көрсету бойынша қамтуды арт­тыруға мүмкіндік береді. Бұл қазақ­с­тандық экспорттаушылар мен б­анк­терге сақтандыру арқылы қорғау­дың жоғары сенімділігін қамта­масыз етеді», деді А. Қалиғазин.

2023 жылы «KazakhExport» өңдеуші сектордың қазақстандық экспорттаушыларын қолдау, заң­намалық жетілдіру жөніндегі салалық шараларды іске асыру және «Kazakhexport»-ты шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөнін­дегі бірыңғай оператор ретінде ұсыну бойынша негізгі қызметтерді жалғастырды.

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрлігінің алдына ұлттық тауар өткізу жүйесін құру, нарықты отандық өнімдермен толықтыру үшін жағдай жасау және осы секторды орнықты дамыту жөніндегі жұмыстарды сапалы жеделдету міндетін қойып отыр. Осыған орай «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне экспорттық-кре­диттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы  Парламент қарауына енгізілді.

«Құжаттың мақсаты – елімізде «KazakhExport» компания­сының базасында толыққанды экс­­порттық-кредиттік агенттік құру. Қазіргі таңда ЭКА функция­ларын іс жүзінде орындай отырып, заңды түрде «KazakhExport» – экспорт­тық сақтандыру компаниясы Ұлт­тық банктің сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы негізінде әрекет етеді, бұл компанияның қолдау құрал­дарын сақтандырумен, экспортты қайта сақтандырумен шектейді. Ал аталған өзгеріс отандық кәсіп­орындарды қолдау бойынша эксп­орттық операциялардан бас­тап, өткізу нарықтары, елдер­дің тауарлар мен қызметтерге қа­жет­тіліктері мәселелері бойын­ша сервистік қолдауға дейінгі функ­ционалдылықты кеңейтуге мүм­кіндік береді», деді компа­нияның ақпарат және коммуникация департаментінің директоры Айгүл Қасенова.

Соның нәтижесінде компания Өзбек­стандағы, Қырғызстандағы, Тәжік­стандағы және Ресейдегі көтер­ме-тарату орталықтарының желісі­нен тұратын еуразиялық тауар өткізу желісінің негізіне айналуға тиіс. Атап айтқанда, отандық өнімдерді өткізу нарығын кеңейту және ЕАЭО және үшін­ші елдермен кооперация­лық жоба­ларға қатысу тұрғысынан еліміз сауда-логистикалық әлеуетін ны­ғайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Осыған байланыс­ты «KazakhExport» компаниясы сақ­тан­дыруды қолдау құралдарын жеті­лдіру, компанияның шетелдік өкілдері қатысатын елдердегі импорттаушылармен байланысты нығайту, шикізаттық емес экспорт өнім­дерін шетелге ілгерілету жөніндегі жұмысты жүйелі жалғастырады.