Ауа райы • 08 Қыркүйек, 2023

Қазақстанның бес қаласында ауа ластанады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бес қаласында ауа ластанады

Фото: unsplash

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және түнгі уақытта Атырауда күтіледі. Аталған қалаларда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.