Спорт • 08 Қыркүйек, 2023

Бас бапкер күрсінді

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы  Еуро – 2024 іріктеу туры аясындағы кезекті матчын өткізіп, «Астана Арена» стадионында Финляндия құрамасына 0:1 есебімен есе жіберді. Ойынның 78-минутында Оливер Антман еншісіне гол жазды. Жеңіліске қатысты ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев  өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас бапкер күрсінді

Суретті түсірген Никита Басов

«Амал қанша, ұтылдық, олардың мықтылығын мойындау керек, бірақ бізге тең нәтижемен тарқасуға да мүмкіндік бар еді. Гол соғатын орай оларда да, біздің жігіттерде де болды.  Матчтың  2-таймы да  тең нәтижемен аяқталар деп ойлағам, бірақ қарсыластар гол соғып кетті. Алаңның ортасында да басымдықты өз қолымызға алуға ұмтылдық, тактикалық  жоспар бойынша жеңіске жетуге барымызды салдық. Бұл жеңілістен кейін келесі матчқа басқа жоспар түземіз, өзгерістер болады. Қарсыластың бәрі тегеурінді, кез келген құрама ұпай жоғалтады, жеңісті мерекелеумен қатар жеңілісті де көтере білу керек. Рас, бізді қолдауға қара орман жанкүйер келді, стадионның аурасы тіпті бөлек болғанын жан жүйемізбен сезіндік. Осындай қолдау мен құрметтің өтеуіне жеңіс сыйлауға тырыстық. Жеңілісті қабылдау жанкүйерге де қиын, ауыр соғады, бас бапкер үшін де жүрекке аз салмақ емес», деді Магомед Адиев.

каз фин

Ұлттық құрама Еуропа чемпионатына іріктеудің келесі турын 10 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында  Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы өткізеді.