https://web.telegram.org/
Бәйгенің талабы бойынша әр кезеңде уақыттан ұтып, алғашқы болып келген команда келесі күнгі жарысты бірінші болып бастайды. Екінші кезең қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы көш бастаса, Қостанай командасы екінші жетті, Жетісу облысының шабандоздары көмбені үшінші болып қиды. Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының командалары болдырған аттарын жарыстан шығаруға тура келді.
«Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры бас серіктесі саналатын «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі 13 кезеңмен аяқталады. Түркістан қаласына дейінгі 1300 шақырымдық қашықтықта бірінші болып келген командаға 30 миллион теңге, екінші орынға 20 миллион, үшінші орынға тұрақтаған командаға 15 миллион теңге сыйақы беріледі.