Фото: nurzhan.assan
Жастар арасында Андрей Самарин (67 кегі), Рамазан Әбдірәсіл (97 келі) әлем чемпионы атанса, Сұлтан Бабашев (63 келі), Денис Прогудин (72 келі) – күміс, Азамат Мырзаев (77 келі), Мұхаметәли Тілеумбетов (82 келі) қола медаль олжалады.
Ересектердің белдесуінде Нұржан Асан 82 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының алтын медалін еншіледі. Абылайхан Орманов (63 келі) және Хайратхаан Шонку (130 келі) қола жүлдегер атанды.
Бішкектің боз кілемінде енді еркін күрес балуандары әлем чемпионатының медальдары үшін белдесуге әзір.