Қоғам • 10 Қыркүйек, 2023

Қазақтың соңғы ханы тұғырына қонды

3880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы, Меркі ауданында  Кенесары ханға арналған ескерткіш бой көтерді. Тарихи мұра Меркінің мәдениет күні және 95 жылдығына орай ашылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz  аудан әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Қазақтың соңғы ханы тұғырына қонды

Суретті түсірген Қазбек ҚАМАЛ

Әкімдіктің мәліметінше, тарихи тұлғаға арналған мүсін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бойында орналасқан. 

«Ескерткіштің ашылу салтанатында Мемлекеттік Әнұран шырқалып, М.Әуезовтің «Хан Кене» театрландырылған қойылымы сахналанды.  Салтанатты шараға қоғам қайраткері Рахматілдә Рахманбердиев, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен және аймақтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр баба рухына тағзым етті.  Ескерткіш жобасының орындаушысы – меркілік мүсінші Темірхан Көлжігіт. 

кене ортасына

Ескерткіштің жалпы биікті 10 метрді құрайды, оның ішінде тұғыры – тастан, мүсіннің негізгі бөлігі  мыстан жасалған», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30