
Фото: gov.kz
Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі. Отбасылық мерекеге орай, алғаш рет «Koktal run» жүгіру марафоны ұйымдастырылып, 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз. Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет. Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық», деді Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин.
Марафонда ерлер мен әйелдер 5 шақырымға, жасөспірім ер балалар 2 шақырымға, қыздар 1 шақырым қашықтыққа жүгірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, бағалы сыйлықпен марапатталды.