«Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын», деді Президент.
Мемлекет басшысы «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өтті. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шыққан.
«Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.