Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты – контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мыңнан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.
Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы анықталған. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШЫМКЕНТ