Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әуежайға арнайы келіп, ұлттық құрама мүшелерін шығарып салды. Басты мақсат − қазақ боксының үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, медальдар мен Париж-2024 Олимпиадасының лицензияларын алу.
Кеңес Рақышевтың жеке қаражатынан сыйақылар беру дәстүрі жалғаса береді. Алтын медаль үшін чемпиондар − 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер – 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін – 10 мың АҚШ долларын алады.
Қытай шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар:
50 кг салмақта Назым Қызайбай
54 кг салмақта Жайна Шекербекова
57 кг салмақта Карина Ибрагимова
60 кг салмақта Римма Волосенко
66 кг салмақта Наталья Богданова
75 кг салмақта Валентина Хальзова
XIX Жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан 500-ден астам спортшы спорттың 33 түрінен сынға түседі. Тарихта алғаш рет Азия ойындарында Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады.