Президент • 12 Қыркүйек, 2023

Президент шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медальға ие болған шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады

Фото: Instagram/drs_kz

«Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.

Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін!», деп жазды Президент өзінің Instagram парақшасында.

шщ

Айта кетейік, бұған дейін Польшада өткен шахматтан командалық әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы күміс жүлде иеленгенін хабарлаған едік.