«Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген», делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары өтеді. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындары өткізіліп жатыр.