Президент • 12 Қыркүйек, 2023

Президент: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – мемлекет пен бизнестің негізгі өзегі

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев    отандық бизнес өкілдерімен кездесудегі қорытынды сөзінде  бірыңғай ашық реестр құрылса,   кәсіпорындардың аз бөлігіне ғана қаражатты шамадан тыс бөлудің алдын алуға, обьективті бағалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – мемлекет пен бизнестің негізгі өзегі

Фото:https://web.telegram.org/

«Қолдау шараларына ие болғандардың бірыңғай ашық реестрін құру мәселесін пысықтау қажет. Бұл бірыңғай ақпараттық жүйеде барлық мәлімет жинақталады. Бұл кәсіпорындардың аз бөлігіне ғана қаржының шамадан тыс бөлінуін болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік көмектің тиімділігін объективті әрі жедел бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қолдау шараларының тиімділігін төленген салық көлемін ұлғайту, жаңа сапалы жұмыс орындарын ашу және өнімнің ел ішіндегі құндылығын арттыру, экспорттық әлеуетті дамыту негізінде бағалау қажет. Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру және оның тиімділігін бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп, шешім қабылдау процестерін автоматтандыруы қажет», деді  Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне қатысты мәселелерге  айрықша тоқталды.

«Оның негізгі міндеті – бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болу. Палатаны трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет. Палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.