Өнер • 12 Қыркүйек, 2023

Агата Кристидің ерекше мүсіні

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияның Окс­форд­шир граф­ты­ғы Уоллингфорд қа­ласында детектив тақырыбында жазған әлемдегі ең танымал жазушы Агата Кристидің мү­сіні қойылды.

Агата Кристидің ерекше мүсіні

Қоладан құйылған мүсінде қолына кітап ұс­тап орындықта отырған Агата Крис­тидің саябаққа қарап тұрған бейнесі сом­далған. Бұл саябаққа қарама-қарсы Кристиге арналған мұражай ор­наласқан.

Ашылу салтанатына жазушының немересі Мэттью Притчард бас­та­ған жүздеген адам қа­тыс­ты. Іс-шараға Chris­tie’s детективтік ро­­­­ман­да­­рының кейіп­кер­­лерінің киі­мін киген бірнеше актер де қатысты, олардың бірі Германиядан арнайы осы мақсатпен келген.

Агата Кристидің к­і­­­таптары адамзат та­ри­­хындағы ең көп жа­рияланған кітаптардың бірі. Шығар­ма­лары басқа тіл­дерге ең көп ау­да­рыл­ған автор­лардың бірі.