Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2023

Отандық 500 локомотив

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда Ас­та­на­дағы ин­дус­т­риял­ық­ парк­­тегі Ло­ко­­мо­тив құрас­ты­­ру зауы­ты­ның өн­дірістік конве­йері­нен бес жүзінші локомотив жасалып шықты.

Отандық 500 локомотив

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Негізі зауытта үш түрлі теміржол машинасы жасалады. Олар: бір сек­ция­лы ТЭ33АС сериялы магист­рал­дық жүк тепловозы, бір секция­лы ТЭ33А сериялы магис­тралдық жолау­­шылар тепловозы және ТЭМ 11А сериялы маневр тепловозы. Қазір толық қуатында жұмыс істеп тұр­ған зауытта ай сайын 10 локомотив құрас­тырылады.

Аталған зауытта жаңа технологиялар енгізіліп, экологиялық таза, экономикалық тұрғыда өте үнем­ді теміржол машиналары құрас­ты­ры­лып жатыр. Сондай-ақ инно­ва­циялық тәсілдердің ұтымды қолда­нылуы және зауытта кілең кәсіби мамандардың жұмыс істеуі кәсіпорынды жаңа белеске көтерді. «Сөйтіп, зауытты ішкі және сыртқы нарыққа локомотив шығару мен жеткізуде көшбасшылардың біріне айналдырды. Кейінгі 10 жылда компания локомотивтері әлем елдерінің сұранысына ие болып үлгерді. «Зауыт тарихында 2023 жылдың 17 тамызы айтулы дата болып қалады. Бұл күні 500-локомотив шығарылды», дейді «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның өндіріс бойынша вице-президенті Төлеген Жаңабаев.

ми

Кәсіпорынның 500 локомотиві елі­міздің «Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясының пайдалануына жі­бе­ріл­ген. Қазіргі таңда зауытта 800-ден астам жұ­мысшы еңбек етеді.

Жалпы, отандық локомотивтердің сапасы мен сенімділігіне ішкі ғана емес, сыртқы нарық тұтынушылары да жоғары бағасын беріп отыр. Белсенді маркетингтік қызмет пен басқа елдермен серіктестік қатынастарды сәтті ор­натудың нәтижесінде компания өз өнім­дерін әлемдік нарыққа шығарып келеді. Бүгінгі күнде отандық локомотивтер бірқатар алыс-жақын шетелдерге экспортталған. Олардың қатарында Әзербайжан, Украина, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова бар.

Кәсіпорын өз табысының маңызды факторларын инновациялар мен технологияларды дамыту бағытынан көреді. Өз кезегінде компания зерттеу мен әзірлемелерге белсенді қатысып жүр.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ қол жет­кізген осы жетістігі шеңберінде ғана қалып қоймайды. Өндіріс көлемін әрі қарай ұлғайтуға, инновациялар­ды жалғастыруға және жеткізу гео­гра­­­­фия­­сын барынша кеңейтуге күш са­­лады. Біздің жоспарымызда соны серік­­тестермен ынтымақтастық орнату, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ локомотивтердің басқа да моделдерін әзір­леу сынды жобалар бар», дейді Мар­кетинг және сату бөлімінің бастығы Рауан Дөңсебаев.

Локомотив құрастыру зауыты – елі­міз­­дегі жетекші кәсіпорындардың бірі ғана емес, қазақ елінің мақтанышы. Өндірістің жоғары деңгейі мен өнім сапасының арқасында компания ха­лықаралық аренада өзінің қатысуын нығайтуды жалғастырып жатыр. Ал зауыт ұжымы Қазақстанды сенімді және инновациялық локомотивтерді экс­порттаушы ел ретінде таныстырып жат­қандарын мақтаныш көреді. Оның анық дәлелі ел алдында.

Ең бастысы елімізден шығарылған локомотивтердің тиімділігі жоғары, пайдалану шығыны аз және экологиялық қауіпсіз қасиеттерге ие.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қазір көптеген ел ішкі нарықты қор­­ғау шараларын белсенді түрде қол­данып отыр. Тіпті дамыған елдер протек­цио­н­истік индустриялық саясатқа көшті. Қазақстанда ДСҰ классификациясы бо­йынша ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен болып саналады, тек 128 тарифтік емес шаралар қолданылады. Сондықтан бізге сауда саясатында жаңа, батыл тә­сіл­дер қажет».

Әрине, бұл шетелдік акционерлерге біз­дің зауытты дамытуға қосым­ша қаражат салуға жаңа бір жігер сыйлайтындай. Ескере кетін бір жайт, тек 2022-2023 жылдардың өзінде ғана зауыт акционерлері қосымша цехтардың құрылысына және жабдықтарды сатып алуға қосымша 3,5 миллиард теңгеге жуық инвестиция салды. Бір қуа­нар­­лығы, мұның бәрі мүмкін болды. Қазір олар ел басшылығының отандық өндірушілерді қолдауға және дамытуға дайын екенін де көріп-біліп отыр. Жалғыз отандық локомотив өндіруші кәсіпорынның қыз­меткері ретінде айтарым, Президенттің «Мемлекет отандық өндірушілерді қорғауға мін­детті. Бұл біздің экономикамызды сыртқы әлемнен жабу сигналы емес. Ол ашық күйінде қалуы керек, бірақ ұлттық бизнестің мүдделерін ескере отырып» дегеніне қатты қуандым», деді Т.Жанабаев.