Спорт • 13 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Париж Олимпиадасының неше лицензиясы сарапқа салынады?

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қыркүйек-8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) өтетін Азия ойындары алғаш рет жазғы Олимпиадаға бір жыл қалғанда ұйымдастырылады. Спортшылар 40 спорт түрінен сынға түссе де, барлығында лицензияға таласа алмайды. Осы орайда qaz_olympics және committee_ sport Instagram парақшаларында қай спорт түрлерінен қанша лицензия берілетіні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындары: Париж Олимпиадасының неше лицензиясы сарапқа салынады?

Фото: qaz_olympics

Лицензия сарапқа салынатын спорт түрлерінің тізімі:

Бокс – 13 лицензия (ерлер – 7, әйелдер – 6)

Садақ ату – 3 лицензия (ерлер, әйелдер, аралас команда)

Қазіргі бессайыс – 2 лицензия (ер және әйел ТОП-5 орынға кіруі керек)

Брейк-данс – 2 лицензия (ер және әйел)

Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар)

Су добы – 2 лицензия (ерлер және әйелдер құрамасы)

Әртістік жүзу – 2 лицензия (әйелдер дуэті, командалық сайыс)

Көгалдағы хоккей – 2 лицензия (ерлер, әйелдер құрамасы)

Жүзу, жеңіл атлетикада белгілі бір уақыт нормативін орындаса, Олимпиада жолдамасы беріледі.

Ал Париж Олимпиадасына кіретін өзге спорттардан Азия ойындарында жүлделер сарапқа салынса да, лицензия берілмейді. Кейбір жарыстар спортшылар үшін рейтингтік ұпай беруге көмектеседі. Медаль көп сарапқа салынатын күрес түрлерінен лицензия әлем чемпионаты мен келесі жылы өтетін іріктеу додаларында ойнатылады.