Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

«Түркі инвестициялық қоры» қашан құрылады?

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте «Түркі инвестициялық қорын құру жөнінде келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылаған жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сүйеніп.

«Түркі инвестициялық қоры» қашан құрылады?

https://web.telegram.org/

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан жетекшілік еткен жиында талқылауға ұсынылған заң жобасын Мәжіліс 1 қыркүйек күні қабылдаған болатын. Жоба жүзеге асса, Қазақстанға өңірішілік сауданы дамытуға, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, көлік және логистика, өнеркәсіптік өндірісті, инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын, туризм тағы басқа салаларды қолдауға бағытталмақ.

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Түркі инвестициялық қоры – түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты екенін жеткізді. Ол министрлік экономиканың озық секторларына инвестиция тарту үшін Түркі мемлекеттері ұйымы аясында белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты. «Қорды құру бастамасына кезінде Әзербайжан Республикасы ұйытқы болды. 2021 жылы ұйымның бейресми саммитінде Мемлекет басшысы тең капиталды, тең дауыс құқығы қағидатына сәйкес жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті. Осылайша биыл наурызда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің төтенше саммиті аясында Қорды құру туралы келісімге қол қойылды», деді вице-министр.

Қор құрылса, Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің сауда-инвестициялық қатынастарының дамуына серпін береді.