Қаржы • 13 Қыркүйек, 2023

Алматы тұр­ғын­да­ры елордалықтарға қарағанда ақша­ны көп жұмсайды

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Jusan Analytics тобы ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын қайда жұмсайтыны бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тұр­ғын­да­ры елордалықтарға қарағанда ақша­ны көп жұмсайды

Фото: Ашық дереккөз

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абай Аймағамбеттің «Жалақыңызды қайда жұмсайсыз?» атты мақаласында Jusan тобының зерттеу нәтижесі жарияланған еді. Зерттеудің нәтижесі төмендегідей болды:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246,3 мың теңге немесе жала­қының 60 пайызы кетеді;
  • Ең көп шығындар жалақы алған­нан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады;
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет;
  • Барлық базалық шығындарды қанағат­тандыру үшін Алматы мен Аста­нада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығын­дар­ды өтеу үшін жалақы жете бермейді;
  • Алматыда қаржылық тапшы­лық­қа тап болатындардың саны Ас­та­наға қара­ғанда 4 есе жоғары;
  • Орташа тап өкілдеріне жалақысы 700 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4,4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шы­ғын­дары табыстарының 40-50%-ын құрайды;
  • Табыстары орташа деңгейден жоға­ры жұмыскерлердің үлесі жұ­мыс­пен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2% ғана.

Jusan Big Data деректері бо­йынша 2022 жылы Астана мен Алматы жұ­мыс­керлерінің орташа айлық жала­қысы (салықтар мен әлеуметтік жарна­ларды төлегеннен кейін) 412,3 мың теңгені құрады. Ал осы ретте негізгі қажет­ті­лік­тер­ге жұмсалатын шығын­дар 246,3 мың теңге болды немесе жалақының 60%-ын қамтыды.

Зерттеуге сүйенсек, Алматы тұр­ғын­да­ры Астанаға қарағанда ақша­ны айына 15%-ға көп жұмсайды екен. Жалпы, екі мегаполистегі орташа жалақы бірдей десе де болады: елордалық жұмыскерлер үшін 413 мың теңге және алматылық жұмыскерлер үшін 412 мың теңге. Алайда Алматыда базалық қажеттілік шы­ғындары жалақының 63%-ын не­месе айына 261,6 мың теңгені құраса, мұндай шығындар үлесі бас шаһарда 55% немесе 228,2 мың теңгеге тең.

Ал 200 мың теңгеге дейін жалақы алатын жұмыскерлер ақшасының күн­делікті шығындарды өтеуге жет­пей­ді екен.