Декларацияны электронды түрде тапсыру мерзімі 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады. Декларацияны мына ресурстарда тапсыруға болады: salyk.kz «Салық төлеушінің кабинетінде», Egov.kz электрондық үкімет порталында және e-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK BANK мобильді қосымшаларында.
Көпшілік атқаратын шара болғаннан кейін ірілі-ұсақты қателіктердің кететіні заңдылық. Осы ретте көп адам Мемлекеттік кірістер комитетіне «Мен 250.00 нысандағы декларацияға (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) ақпаратты қате енгіздім, деректерді қалай қайтаруға немесе түзетуге болады?» деген сауал жолдап жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, декларацияны 250.00 есептілік нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»); Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі) арқылы кері қайтаруға немесе түзетуге болады.
Декларацияны толығымен кері қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады: мерзімі, яғни декларация тапсырылған есепті жылы дұрыс көрсетілмеген болса және декларацияны тапсыру бойынша іс жүзінде ешқандай міндеттеме жоқ болса.
«Егер сіз декларацияда қате жіберіп, салық органының кодын, резиденттік мәртебесін немесе салық есептілігінің түрін дұрыс емес көрсеткен болсаңыз, онда түзету әдісі бойынша декларация кері қайтарып алынады (декларация жүйеде қалады және оны табыстау күні өзгермейді). Басқа жағдайларда, яғни сіз сандарда қате жіберген мәліметтерді (кірістер, қолма-қол ақша, жылжымалы/жылжымайтын мүлік және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі банктік шоттардағы ақша және т.б. туралы) толық көрсетпеген болсаңыз, айырмашылықтың сомасын немесе көрсетілмеген ақпаратты «қосымша» декларацияны табыстау арқылы түзете аласыз», делінген комитет жауабында.