Елорда • 14 Қыркүйек, 2023

Марқұм құтқарушының құрметіне мурал салынады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марқұм құтқарушының құрметіне мурал салынады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқарушының бейнесі қай тұрғын үйге салынатыны нақтыланды. Муралды Астанадағы Н.Тілендиев даңғылы, 16 мекенжайындағы қасбетке салу туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта бұл мәселе аталған мекенжайдағы үйдің тұрғындарымен келісу сатысында тұр.