Фото: qmonitor.kz
Агенттік Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
«Тергеу барысында жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды. Сондай-ақ Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды», делінген хабарламада.
Аталған объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріледі, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.