Үкімет • 14 Қыркүйек, 2023

Ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған құжат

87 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар депутаттық сауалдар жолдады.

Ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған құжат

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында «2007 жылғы 6 қазан­дағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қыз­­меті туралы келісімге өзгеріс­тер ен­гізу туралы хаттаманы рати­­фи­­кация­лау туралы» заң жоба­сы талқыланды. Хаттамаға 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душан­бе қаласында Ұжымдық қауіп­сіздік кеңесінің отырысында қол қойыл­ды. Құжаттың мақсаты – ҰҚШҰ мү­шесі саналмайтын мемле­кет­тердің аумақтарында Бірік­кен Ұлттар Ұйымының бейбіт­шілікті сақтау жөніндегі опе­ра­цияларында ҰҚШҰ бітім­гер­шілік күштерін қол­дану тәртібін айқындау. Хат­тама аясында «үйлестіруші мемлекет» деген ұғымы енгізіледі.

«Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіге, бітімгершілік туралы келісімге хаттама арқылы түзетулер енгізу бітімгершілік қызметінің құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Мәселені ретке келтіру барысында халықаралық ұйымдардың бітімгершілік операцияларына қатыса алмайтыны анықталды. Осы­ған байланысты ұйым мүше­лері­нің бірі үйлестіруші мемлекет ретінде әрекет етеді, ал қалған­дары қажет болған жағдайда оған қосыла алады деген шешімге келді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше емес мемлекеттердің аумақтарында БҰҰ бастамасымен жүргізілетін бітімгершілік операцияларында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін қолдану тәртібі нақты айқындалды. Үйлестіруші мемлекет мәртебесі Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы­ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша кез келген мүше мемлекетке берілуі мүмкін», деді құжат жөнінде баяндама жасаған сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Депутаттың айтуынша, Бірік­кен Ұлттар Ұйымының бітім­гер­шілік миссияларына қаты­су үшін Хатшылықтың мақұлдауы­мен үйлестіруші мемлекетке квота бөлінеді. Квота алғаннан кейін ғана Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сол елді Үйлестіруші мемлекет ретінде мақұлдай алады. Үйлестіруші мемлекет БҰҰ қаражаты есебінен логистика, контингентті тасымалдау және қаржылық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

«Әрбір (ҰҚШҰ-ға мүше) мемлекеттің БҰҰ-ның бітімгер­шілік миссияларына қатысуы ерік­ті және қатысу дәрежесін дер­бес шешеді. Жоғарыда аталған құ­жат Қазақстан Республикасы-ның мүд­делеріне сәйкес келеді және Ұжымдық күштерінің жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған, сондай-ақ жедел және уақтылы әрекет етуге мүм­кіндік береді. Негізінен, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгершілік үдерісіне белсен­ді түрде қатысып келеді және аталған хаттаманы ратифика­ция­лау біздің еліміз үшін маңыз­ды құжат болып отыр. Сенат­тың тұрақ­ты ко­ми­теттерінен осы Заң бо­йынша ескертулер мен ұсыныс­тар түскен жоқ», деді Ғ.Сарыбаев.

Сонымен қатар жалпы отырыс­та «Ұжымдық қауіпсіздік тура­лы шарт ұйымына мүше мемле­кет­тердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәсе­л­елері жөніндегі келісімді рати­фикациялау туралы» және «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды.

«Қаралған заңдар Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы­ның қызметіне қатысты жекелеген мәселелерді реттеуге бағыт­талған. Атап айтқанда, Ұйым­ның бітім­гершілік әлеуетін БҰҰ шең­­берінде қолдану мүмкін­дігі қа­рас­тырылды. Сонымен қа­тар заңдар аясында мүше-мем­ле­кет­­тердің құқықтық кө­мек көр­сету, материалдық-тех­ника­лық және медициналық қам­та­масыз ету саласындағы өз­ара іс-қимылдың негіздері мен шарт­тары анықталады. Осы заң­дар Ұйымның бейбiтші­лік пен тұ­рақ­тылықты нығайту жолындағы іс-шараларының тиімділігін арт­тыруға оң үлесін қосады деп сене­міз», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Ғауез Нұр­мұхамбетов Қостанай облысында егін жинау науқанына байланыс­ты проблема туындап отырғанын айтып, егінді сақтауға қатысты бірқатар шара ұсынды.

«Импорттық тұқымдарды сатып алу және әкелу кезінде, ылғалды астықты жедел әкету және кептіру үшін фермерлерге ҚҚС-ты алып тастауды, авто­көлікке тиеу талаптарына мора­торий белгілеуді, өнімді егіс­тіктен қоймаларға және астық қабыл­дау кәсіпорындарына тасымалдау кезінде қазіргі уақыттағы 1 тон­наға 100 евро мөлшерінде баж са­лы­ғын көздейтін күнбағыс экспортына шектеулерді алып тас­тауды ұсынамыз», деді сенатор.

Сұлтанбек Мәкежанов Үкімет­ті республикалық бюджеттен қосылған құн салығын қайтару мүмкіндігін қарастыруға шақыр­ды. Сенатордың айтуынша, бұл жергілікті бюджетке қосылған құн салығынан түсетін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

«Ірі салықтардың бір бөлігін, жер­гілікті бюджетке беру мүм­кіндігі мен орындылығын қарау­ды сұраймыз. Мәселен, белгілі бір жылдық жиынтық табысы бар, белгіленген ірі бизнес субъек­ті­лерінен, корпоративтік табыс салы­ғын беруді; шағын және орта биз­нестен өнген, қосылған құн са­лығын беруді; пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтарды және өзге де төлемдерді беру ұсы­нылады. Одан басқа жергілікті жер­лерде қордаланып қалған өзек­­ті мәселелерді шешуді жедел­дету үшін, жергілікті атқару­шы ор­гандарға іс-шараларды қар­­жы­­ландыруды, салықтық жеңіл­­діктерін ұсына отырып, мәслихат­тар­дың келісімі арқы­лы шешу ұсынылады», деді С.Мәкежанов.

Бекбол Орынбасаров Маң­ғыс­тау­дағы орналасқан Торыш алқабын ерекше қорғалатын аумақ деп тану және оны облыстың ту­ристік маршрутына енгізу қа­жетін айтты. Сенатор мұндай бірегей табиғи «шарлар» әлемнің санау­лы елдерінде ғана бар екенін, осы табиғи байлықтың туристік әлеуетін барынша пайдалану қажеттігін атап өтті.

Евгений Больгерт еліміздегі жеке медициналық мекемелер­ге қатысты қатаң шаралар қабыл­дауға әкеліп соғатын тәуекел­дер­ді атап өтті. Осыған орай сена­­тор Денсаулық сақтау ми­нистр­­лігіне тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көле­мі шеңберінде алғашқы меди­циналық-санитарлық көмек қызметтерін сатып алу және орналастыру рәсіміне жіберу үшін кем дегенде 10 мың адамды белгілеу жөніндегі норманы алып тастауды ұсынса, Сұлтан Дүйсембинов ұлт­тық туризм саласындағы пробле­маларға назар аударып, турис­тік әлеуетті дұрыс пайдалану үшін жаңа мемлекеттік бағдар­лама қажет екенін атап өтті.